Magic of Nomads тобы туралы
|
Топ туралы
The Magic of Nomads қазақстанның белгілі сазгерлерінен құралған топ, әрқайсысы жеке бір дарынды тұлға: Ғазиза Ғабдрахимова — авторы және проект жетекшісі, Ренат Ғайсин музыкалық продюсері, Виктор Хоменков, Едиль Хусаинов, Ермек Дияров, Салимгерей Садыков. The Magic of Nomads тобының аталмыш құрамы Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Франкфурт, Ганновер, Мюнхеннің танымал залдарындағы көрермендердің сүйіспеншілігін жаулап алған.
Жобаның мүшелері
 |
Ғазиза Ғабдрахимова
Жобаның авторы және жетекшісі, қазақтың көне аспабы қобызды кәсіби деңгейде меңгерген орындаушы. Ол қобызға алғашқы болып қазақтың халық музыкасын жаңа ырғаққа лайықтады. Ғазиза Қазақстанның мәдениетін Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ елдерінде насихаттауға үлесін қосты.
2007 жылы Халықаралық Бизнес Академиясының «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша магистр атағына ие болды.
|
 |
Ренат Ғайсин
Белгілі сазгер, музыка өңдеуші, жобаның продюсері әрі көркемдік жетекшісі. Оның шығармашылығы көптеген жанрларды қамтиды: әндер, аспаптық және симфониялық шығармалар, фильмдерге арналған музыка. Ренат көптеген елдерде өткен халықаралық музыка фестивалдерінің жеңімпазы. Ренат Ғайсин — Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі ерекше біздің заманымыздың ең сүйікті композиторларының бірі.
|
 |
Еділ Құсайынов
Қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттушісі. Ол жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері. Көмеймен ән айтушы бір уақытта екі дыбыс шығарады. Бұ тәсіл түркі халықтарының өнерінде дамыған. Таспада көмеймен ән айтудың екі түрі кездеседі — қарғыра (төменгі регистрде) және сығыт (жоғарғы регистрде). Еділ сақтар мен ғұндар дәуірінің мәңгілік әуенін бүгінгі жаңа ғасыр музыкасымен жалғастырып, қазақ ұлттық мәдениетін әлемдік сахнада жаңғыртып жүрген талант иесі.
|
 |
Сәлімгерей Садықов
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасының меңгерушісі Сәлімгерей Садықов күйшілік шеберлігімен қатар дәстүрлі домбырамен ән айту өнеріне өзіндік нақыш қосқан ізденгіш орындаушы. Ол Қазақстан өнер қайраткерлері құрамында Ресей, Швейцария, Германия елдерінде өнер көрсетті.
|
 |
Виктор Хоменков
Сазгер, өңдеуші, ұстаз, Қазақстанның бетке ұстар джаз пианисті. Оның творчестволық дарыны, көптеген аспаптарды жетік меңгеруі, музыканы терең түсінуі жобаның маңыздылығын күшейтеді. Әр түрлі джаз топтарының құрамында Виктор Хоменков көптеген елдерде өткен халықаралық фестивальдер мен конференцияларға қатысқан.
|
 |
Ермек Дияров
Сазгер, өңдеуші, музыкалық аспаптардың әр түрін меңгерген сан қырлы орындаушы. Ермек Дияров — өнер сүйгіш орта құрметтейтін өзіндік беделі бар музыкант. Әр жылдарда музыкалық ұжымдардың құрамында Оңтүстік және Солтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Германия, Түркия, ТМД елдерінде концерттік сапармен болған.
|
|
|
|